ОҚО мен Қызыл теңіз провинциясы арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теңіз провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев Египеттің Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Ахмед Абдалламен, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фодамен және Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайсам Ибраһиммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Египет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды әрі көпқырлы бағытта дамып отырғандығын атап өтті.
Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында және достастық пен бауырластық байланысты нығайту үшін Онтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теңіз провинциясы арасында меморандумды жасалды.

Келісім шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теңіз провинциясы арасындағы өзара ынтымақтастық екіжақты серіктестік қатынастар мен экономикалық, мәдени, ғылыми, техникалық, спорттық, экологиялық және туристік салаларда жүзеге асырылады. 

Кездесуде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсенбаев бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикалық әлеует шоғырланған өңір екенін атап өтті.

null

«Облыстың экономикасы әртараптандырылған. Шикізатты сатудан тәуелді емеспіз - өңір экономикасының 60 пайыздан астамы өңдеу өнеркәсібінде. Мұнда шағын және орта бизнес дамыған, мәселен, облыста 177 мыңнан астам бизнес субьектілері тіркелген. Біздің облысымызда шетелдік инвесторларға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған. Бүгінде облысымызда Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 11 индустриалдық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан түрлі салалардағы инвестициялық жобаларды 3 млн. АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялауға мүмкіндігі бар қаржылық институттар құрылғанын айтқым келеді», - деді Т.Сәрсембаев.

Губернатор Ахмед Абдалла бұл іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Айта кетейік, «Қызыл теңіз» провинциясы - Мысыр елінің шығысында орналасқан Қызыл теңіз жағалауы бойындағы облыс.
null null 

Соңғы жаңалықтар