ОҚО көкөніс консервілерін Қытайға экспорттауда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС-ы жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі консервіленген көкөніс өнімдерін шығаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде табиғи, экологиялық таза өнімдерге Қытай халқы да қызығушылық таныта бастаған.
null

«Күн санап өнімізге деген сұраныс күшейіп келеді. Тұтынушылардың көңілінен шыққандықтан деп ойлаймын, қазір шетелдік нарыққа аяқ басып отырмыз. Жазғы уақытта 40 адам жұмысқа тартылған. Ал, қазір 20 адам жұмыс істеуде», - деді «Бәйтерек 4» ЖШС директорының орынбасары Бақытжан Оспанов.

Өңделетін көкөністер Сайрам ауданынан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де сатып алынуда. Кәсіпкер алдағы уақытта шикізатты да өзі өндіруді қолға алмақ. Осы жұмыстарды іске асыру үшін аудан әкімшілігімен бірлескен түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.
null

Айта кетсек, «Байтерек 4» ЖШС-ның «Көкөніс консервілеу базасы 2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның жалпы құны 115 млн теңге. Өндіріс орны Қытай, Ресей, және Болгария елдерінен алынған заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар