ОҚО кәсіпкерлері бұқтырылған етті экспортқа шығарып жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан ет экспорттаудан еліміз бойынша алдыңғы орындарда. Дегенмен осы етті өңдеп сататын болсақ, алынатын табыс та еселене түсетіні анық.

Осыны негізге алған кәсіпкерлер бұқтырылған ет өңдейтін кәсіпорынды ашқан. Бүгінде мұнда жергілікті 30-дан астам тұрғын жұмыспен қамтылды. Өндірілген өнім өңірден асып, көршілес шетелдерге де экспортталуда, деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Шымкентте бұқтырылған ет шығаратын цех бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл мекеме былтырдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын 1 ауысымда 1,5 тонна ет өңдейді. Толық қуатына көшсе, 3 тоннаға дейін ет консервісін дайындай алады. Мұнда  Ресей технологиясы қолданылады. Жабдықтар  толықтай өз қаржыларына алынған. Өнім таза табиғи қоспалармен өңделеді. Жасанды және химиялық қоспаларды мүлдем қолданылмайды. Себебі, халал стандартына өткен. Мұндағы жұмысшылардың жалақысы - 70 мыңнан 150 мыңға дейін. Бір ауысымда 28 адам еңбек етеді. Кәсіпкерлер малды сатып алады. Ендігі мақсаттары - төрт түлікті өздері  бордақылау. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама аясында несие алмақ ниетте.    

 

Соңғы жаңалықтар