Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -18 °С
Алматы: -5 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

ОҚО ішкі саясат басқармасының бастығы парамен ұсталды

2017 жылғы 7 қазан 16:54 3458
Поделиться:
 ОҚО ішкі саясат басқармасының бастығы парамен ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы парамен ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті жүргізуші арқылы 2,1 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Б.Б.-ны ұстады. Ақша ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы келісім бойынша төлем үшін бөлім басшысы Шалкеев Н.Р. арқылы алынған. Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Төлеген Б.Б. Шымкент қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді», - делінеді Ұлттық бюроның хабарламасында.

Өз айыбын толық мойындағандықтан, Шалкеев Н.Р.-ға қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат