ОҚО ІІД: 7 жасар бала мен оның әжесінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасынан жәбірленуші жасөспірімнің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру жөніндегі ұсыным келіп түсті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты тергеу органдары 14 наурызда жәбірленуші баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қаулы шығарды.

Ішкі істер органдары ұл баланың әжесімен Шымкент қаласының вокзалында әңгіме жүргізіп, оған қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекет тарапынан құқықты қорғау жөніндегі тергеуші қаулысының мән-жайы түсіндірілді.

Бұдан кейін ұл баланың әжесі мемлекет тарапынан қорғау көрсетілу құқығын пайдалану жөнінде шешім қабылдады, сондай-ақ полиция және қорғаншылық қызметкерлерімен ОҚО-ның ІІД-сіне бет алды, онда қазіргі уақытта оларды қауіпсіз жерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.

Астанадағы тергеу органдарының қаулысы негізінде қысқа мерзімде жоғары білікті мамандарды тарта отырып кешенді сот-медицина сараптамасы жасалатын болды. 

Еске сала кетсек, ОҚО-да 7 жасар баланың зорлануына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

14 наурыз күні Абай ауылына Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаты Зағипа Балиеваның тапсырмасымен мониторинг жасаушы топтың өкілдері барды. Топ құрамында заңгер және психолог мамандары бар.

Айта кетейік, бүгін жәбірленуші бала мен оның жақындары тәуелсіз мамандардың көмегіне жүгіну үшін Алматыға жолға шыққан болатын. Абай ауылында тұратын бірінші сынып оқушысына қатысты іске қоғам белсенділері араласып, олар баланы жетекші мамандарға қайта тексертіп, тәуелсіз сараптама жасатуға уәде еткен еді. 

Соңғы жаңалықтар