ОҚО-ға келген бір топ зиялы қауым өкілдері Елбасы мақаласын таныстырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау мақсатында Елордадан оңтүстік өңіріне бір топ зиялы қауым өкілдері келді. Есімі ел жадында жатталған руханият майданының сардарлары қазаққа етектен тартатын ескі дағдылармен күресу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Кездесуге жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы  Мереке Кұлкенов, ақын, Халықараралық «Алаш» сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Жазушы» баспасының директоры Есенғали Раушанов, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері, балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек, ақын, журналист Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», «Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы сынды қаламгерлер қатысты.
null 

Қазақ еліне танымал ақын-жазушылар кездесу барысында келешекте ұлтымыз табысты болуы үшін әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, сана-сезімі жоғары, білімді, сауатты болуы тиіс екеніне тоқталды. Яғни, Қазақстан бұған дейінгі жүріп өткен жолында экономикалық ахуалға мән беріп келді. Бағыты айқын бағдарламалардың арқасында мемлекет аяқтан нық тұрды. Тұрмыс жақсарып, әлеует әлденді.  Ендігі мақсат - рухани жаңғыру. Сананың ашықтығы әлеммен біте қайнасқан ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, - дейді зиялы қауым өкілдері.
null 

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сіз бен біз талқылап отырған мақаласы біздің бүгінгі шығармашылық қауымның арасында сілкініс, резонанс туғызды. Мемлекет басшысының Астананы Алматыдан Арқаға көшіруі ұлттың тарихында қандай маңызға ие болса, мен ойлаймын мына бүгінгі мақаланың да маңыздылығы да сондай биік, сондай терең. Мұны ірине көңіл көзімен барлап, зерделеп оқыған адамға көп нәрселер ашылағ айқындала  түседі және бағыт-бағдар беріп отырады. Менің ойымша мына мақала бұл ұлттық бағдарлама», - деді белгілі ақын Есенғали Раушанов.

Ақын Есенғали Раушанов өз ойын осылай жұптап, бұл мақаланың жүгін астананы Алатаудың етегінен Сарыарқаның төріне көшірген тарихи оқиғаның мәніне теңеді.
null 

Ал, ақын Аманхан Әлімұлы бұл мақала Елбасының бұрынғы Жолдауларынан маған ыстығырақ деді. Өйткені, бұған дейін тұралаған экономиканы қалпына келтіру үшін руханиятты кейінге ысырып келдік. «Экономика-өңеш. Өңештен өткеннің бәрі - экономика» деп өткенді бір түйреген ақын Елбасы мақаласындағы «Сапаның ашықтығы» бөліміне айырықша тоқталды. Елбасының «егер Қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп баға беретін болса, әлемде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды» деген сөзін мысалға келтірген Аманхан ақын қазақтың өз қазанында ғана қайнауы ешқандай жақсылық әкелмейтіндігін қадап айтты. Әйгілі «Жібек жолы» сауда керуені әлеммен байланыс көзі болды. Сол сияқты әлем әдебиеті, мәдениет, өркениет игіліктерінен сыртқары қалуға болмайды.
null 

«Бұрын Елбасымыз экономикаға қатты көңіл бөлетін. Тік тұрып кетейік, қарнымыз тоқ болсын деп. Енді Мемлекет басшысы тек қана экономика емес, рухани жаңғыруымызға бет бұруымыз керек деп отыр. Маған қатты ұнаған жері, "Сана ашықтығы" деген тарауы бар. Сонда Елбасымыз "бір терезеден әлемге қарап отыра бермеуіміз керек, онда біз жан-жағымызды көрмейміз. Ал, бізге бүкіл әлемді көру керек"  дейді. Шындығында бізге өз қазанымызда өзіміз қайнап отыра бермеу керек. Оны уақыт та көтермейді, сосын біздің ұлттық  өсуіміз бен өнуіміз де көтермеуі тиіс»,-деді Аманхан Әлімұлы.

Бірқатар жақсы пайымдауларымен бөліскен ақын қазақты етектен тартқан ескі сарқыншақтардан ең алдымен Оңтүстіктің тазаруы керектігін сөз етті. Ақын ойынша, Оңтүстік-қазақ ұлтының ұйытқысы, қазақ ордасы. Игіліктер осы жерден басталуы заңды.
null 

Өз кезегінде жазушы Жүсіпбек Қорғасбек те әріптестерінің руханят жөніндегі ойларын жалғады, келелі ұсыныстар айтты. Оқырмандармен ойлы кездесуді Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұратəлі Қалмұрадов қорытты.

Соңғы жаңалықтар