ОҚО: Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ғасырлар мұрасы» атты музейлер фестивалі өтті

None
None
Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейi ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды насихаттау, музей саласының беделiн көтеру, iс-тәжiрибелiк көмек көрсету мақсатында «Ғасырлар мұрасы - Наследие веков» атты музейлер фестивалiн өткiздi, деп хабарлайды ҚазАқпарат okg.kz. сайтына сілтеме жасап.

Iс-шара аясында №5 кәсiптiк колледж ұжымы дайындаған «Сырлы өрнек» коллекциясынан дефиле ұсынылды. Музей фойесiнде өткен фестивальдiң ашылу салтанатында Шымкент қалалық балалар және жасөспiрiмдер орталығының «Иллюзия» би тобы мен «Балдәурен» вокалдық тобы өнер көрсетiп, көпшiлiкке мерекелiк көңiл-күй сыйлады.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталықтың бөлiм меңгерушiсi Хамидулла Тәжиев, жас туристер стансасы «Өлкетану» бөлiмiнiң меңгерушiсi Галина Вертеева, жеке коллекционер Анатолий Яганин музей саласындағы өзектi проблемалар, халықты музейге тарту жайлы ой қозғады.

Фестивальдiң келесi бөлiмi облыстық музейдiң ғылыми-ағарту, ғылыми-жинақтау, қор жұмыстары бойынша жалғасты. Музей қызметкерлерi Шымкент қаласындағы мектеп музейлерiнiң жетекшiлерiне шеберлiк сабақтарын өткізiп, қатысушылардың көкейiнде жүрген сұрақтарына жауап бердi.

Осы iс-шарада облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кiтапханасының қызметкерлерi «Музей - халық шежiресi» атты кiтап көрмесiн, жеке коллекционерлер Анатолий Яганин және Алексей Истомин күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар коллекциясы мен тұрмыстық бұйымдар көрмесiн көпшiлiк назарына ұсынды. Iс-шара соңында облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң директоры Гүлнар Аренова қатысушыларға ризашылығын бiлдiрiп, Алғыс хаттар мен сертификаттар табыстады.

Соңғы жаңалықтар