ОҚО: Екіге бөлінетін Мақтаарал ауданына қандай атаулар ұсынылуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясында 9 мәселе қаралды. Оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынатын жобалардың жайы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессияға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен, депутаттар облыс әкімдігінің дербес құрамына енген өзгерістерді сөз етті. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынатын жобалар бойынша мәселелер көтерілді. Облыстық қаржы басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек, осы бағдарлама арқылы биыл өңірде үш жоба жүзеге асады. Оның екеуінде облыстық маңызға ие күре жолдар күрделі жөндеуден өтеді. Тағы 8 көпқабатты тұрғын үй жеке кәсіпкер есебінен бой тіктейді.

Сөйтіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобалар саны 21-ге жетеді. Осыдан кейін облыстың оңтүстігінде орналасқан Мақтараал мен Сарыағаш аудандарын бөлу мәселелері қаралды. Сөйтіп, өткен сессия отырысында талқыланып, қолдау тапқан жайтқа қайта өзгеріс енгізілді. Еске салсақ, өткен жолы Мақтарал ауданын үшке бөлу туралы ұсыныс мақұлданған болатын. Ал, мәслихаттың кезекті отырысында аталмыш ауданды екіге бөлу туралы шешім қабылданды.

Депутаттардың айтуынша, мақталы өңірдің халқы екі ауданның бірін Жетісай, екіншісін Мырзашөл деп атауды ұсынып отыр екен. Енді бұл ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясында қаралады. Сессия соңында бірқатар азаматтар облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан сүбелі үлестері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар