Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

ОҚО-дан солтүстік өңірлерге 672 отбасы қоныс аударуға ниетті

ОҚО-дан солтүстік өңірлерге 672 отбасы қоныс аударуға ниетті
2017 жылғы 19 мамыр 14:06 1095

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге 672 отбасы қоныс аударуға ниетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Жолдауында басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге қоныс аудару туралы айтып өтті. Жұмыс күші мол өңірлерден солтүстік өңірлеріне еңбек ресурстарын қоныс аудару мақсатында облыстағы халқы тығыз орналасқан Мақтарал, Сарыағаш, Шымкентте өткізілген «Еңбек рыногының ұтқырлығын дамытудың бизнес-форумы» мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 60-тан астам өкілдері қатысты. Қазір 2 019 мүшесі бар 672 отбасы қоныс аударуға ниет білдіруде. Оның ішінде еңбекке қабілетті 1 008 адамның 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға даяр», - деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, биыл орташа айлық жалақы 15,8 пайызға өсіп, 98 960 тенгеге жетті. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады.

«Бұл ретте, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылы 10,9 млрд теңге бөлініп, 64 мыңнан астам адам қамту көзделуде. Бағдарлама аясында 2017 жылдың 1 тоқсанында 21 192 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, орталық атқарушы органмен Меморандум жасалып, 66 764 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланды», - деп атап өтті ол.

Басты сөздер: Оңтүстік Қазақстан облысы, Жұмыспен қамту, Әкім,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер