ОҚО-дан қажылыққа 800 азамат аттанады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қасиетті сапарға республика бойынша биыл 2500 азамат аттанады деп күтілуде. 

Оның 800-і Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екені мәлім болды. Бұл туралы бүгін "Абдул Хамид Каттани" мешітінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Дін өкілдерінің сөзінше, еліміздің қажыларын отандық "СКАТ" және "FlyNas" халықаралық әкекомпанияларымен  тасымалдайды. Әуе көлігі  Астана, Алматы және Шымкент қалалары арқылы Жидда- Мединеге жол тартпақ.  Тамыз айының 23-26-ы күндері аттанған қажылар 7-12 қыркүйек күндері елге оралатын болады. Бүгінде қажылыққа ниет еткен азаматтарға екпе жұмыстары толық жүргізілген. Оңтүстік өңірінің орталық мешітінде арнайы курс ұйымдастырылып,  қажылық кезіндегі ережелер мен тәртіптер түсіндірілуде. Күнгейлік қажыларға облыстан екі имам жетекшілік етіп бірге баратын болды.    

Соңғы жаңалықтар