ОҚО-дан «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 киелі орын енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-дан «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 киелі орын енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан  Темірхан мәлім етті. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірлік комиссия құрылып, «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде»  іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Нәтижесінде өңірлік карта жобасы дайындалып, «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына  облысымыздан 104 нысан ұсынылды. 

Қазіргі таңда республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген.

 «Шымкент қаласындағы жергілікті маңызы бар Қаратөбе қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн. 436 мың теңге, Қаратөбе қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 40 млн. теңге, Оба патшалық қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін  24 млн. теңге, Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру үшін 1 млрд. 513 млн.теңге, Ордабасы тауына 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр», - деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан  Темірхан.

Соңғы жаңалықтар