ОҚО-дан Атырауға 20 тонна қырыққабат жөнелтілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елімізде ауа райы суытып, елордада қар жауғанда Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары алғашқы өнімді жинап алды. Мақтарал ауданында ерте егілген қырыққабат өнімдері пісіп, нарыққа жол тарта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақтаарал аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ерте көкөніс өсіруде көш бастайтын Атамекен ауылдық округінің диқандары алғаш өнім берген дақылдың 20 тоннасын Атырау қаласына жөнелтті. Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп жатқан қырыққабат дақылы 892,5 гектар жерде өсірілді. Биылғы егістіктің көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 112,8 гектарға артық болып отыр. Салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттар нидерландық пандион сұрпынан екен. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары. Қазір ауданның бірнеше ауыл округтерінде жұмысшы бригадалары өнімдер жинауға дайындық үстінде. Олар қырыққабатпен еліміздің солтүстік облыстарын қамтуды және Ресейге экспорттауды көздеп отыр.
null 

Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. Былтырғы жылы мақтааралдық диқандар республиканың бірнеше облысын және Ресей Федерациясын қырыққабатпен қамтамасыз еткен болатын. Өткен жылы мақталы ауданда 3 877 гектарға көкөніс егіліп, орташа 231,3 центнерден 89,6 мың тонна өнім жиналды. Ал, оның 50 мың тоннадан астамы қырыққабат дақылы болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар