ОҚО-дан Әлімжан Құртаев сенатор болып сайланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында да сенат депутаттығына сайлау өз деңгейінде өтті. Оған облыстағы мәслихаттардан 308 депутат қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оңтүстік өңірінен сенатор болуға бастапқыда 5 үміткер ұсынылған болса, оның үшеуі өз кандидатурасын алып тастауға өтініш түсірген. Сөйтіп, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев пен «Стандарт Цемент» зауытының бас инженері Сейітжаппар Есжанов негізгі үміткерлер ретінде қалды. Бүгін таңертеңнен бастап өткен сайлауға бас-аяғы 312 депутат қатысуы керек болған. Алайда 4 халық қалаулысы өздерінің денсаулығы мен іссапарға кетуіне байланысты сайлауға келе алмайтындықтарын жеткізген. Нәтижесінде сайлауға қатысу көрсеткіші 99,3 пайызды құрады. Бір сағат уақытқа созылған сайлау барысында қортындысы да жедел түрде  шығарылды. Облыстық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өміралиевтің сөзінше, 253 депутат Әлімжан Құртаевқа дауыс берген. Бұл 82,3 пайызды құрайды.  Оның қарсыласы Сейітжаппар Есжановты 55 депутат қолдаған.  Осылайша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары сенаторлыққа өтті. 

2 1 3 4 5 

Соңғы жаңалықтар