ОҚО-дағы Сайрам-Өгем табиғи паркінде адасып кеткен турист табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Сайрам-Өгем табиғи паркінде тағы бір турист адасып кетті. 21 жастағы жігіт табиғатты тамашалап жүріп, өзінің тобынан қалып қойған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, туристің тауда адасып кеткені туралы ақпарат кезекші бөлімге 13 мамырда кешкі сағат  20.30-да түскен.

«Оқиға орнына 1 техникамен жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері келіп жетті. Олар іздестіру шараларын 14 мамыр күні таңғы сағат 05.30-да бастап, сағат 09.05-те жігіт табылды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірлік жедел құтқару жасағы күні кеше ғана тауда адасып кеткен екі жігітті құтқарған болатын. Кейіннен екі студенттің де жағдайлары қалыпты екені анықталды. Тауға серуендеп шығып, жолды таппай қалған. 

Соңғы жаңалықтар