ОҚО-дағы Кентау қаласы табиғи газбен қамтылатын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласы табиғи газбен қамтылатын болды. Шағын шаһар аумағында көгілдір отынды тарататын станция мен магистральді құбырдың құрылысы бітуге жақын. Қазіргі таңда құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Кентаулықтарды табиғи газбен қамту мақсатында қазынадан қомақты қаржы қаралған. Қазіргі таңда «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбыры Кентау қаласына дейін жеткізілді. Мердігер мекеме Қарнақ ауылында монтаждау және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға бас-аяғы 32 техника жұмылдырылған.

Сала мамандарының сөзінше, бұл жерлерге тиісті құбырлар тартылып, газ беруге дайындық шаралары жасалуда. Жаңа нысан салынып, құрылғылар іске қосылғанда автоматты түрде жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары қала билігінің жіті қадағалауында.

Соңғы жаңалықтар