ОҚО-дағы «Келес» өзеніне батып кеткен сәбидің денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 сәуір күні 21 сағат 17 минутта суда жүргізілген тексеру-құтқару жұмыстары барысында «Келес» өзенінен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2017 жылдың 16 сәуірі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жамбыл ауданында 2014 жылы туған сәбидің байқаусызда «Келес» өзеніне құлап кеткендігі жарияланған болатын. Баланың денесі оқиға болған аймақтан 60 км жерден табылды.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, Отырар ауданының «Ильич» елді мекенінде 10 сәуір Арыс өзеніне батып кеткен 1992 жылы туған азаматты іздестіру жалғасуда. Күшті ағын мен судың лай болуы іздеу шараларын қиындатып отыр.

Адамдарды суға батып кету жағдайларының басты себебі бұрынғысынша, кез келген жерге шомылу, балалардың суға түсуін ересектердің қадағаламауы болып отыр.

«Құтқарушылардың ескертулеріне қарамастанадамдар қауіпсіздік ережелерін бұзуды қоймай отыр. Оның соңы қайғылы жағдайға душер етуде»,-дейді төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар