ОҚО-дағы Қазығұрт тауында кеме бейнесіндегі алып кешен салынады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауында кеме бейнесіндегі алып кешен салынады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәслихаттың кезектен тыс өткен 14 сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Аймақ басшысының сөзінше, алдағы уақытта Ордабасы тауында да үш бидің еңселі ескерткішін тұрғызу жоспарланып отыр.

Облыстық мәслихаттың кезекті отырысында отандық туризмді дамыту мәселелері сөз болды Бұл бағытта жергілікті билік бірқатар шараларды жүзеге асырмақ. Мәслихатта сөз сөйлеген Жансейіт Қансейітұлы осы саланы дамытуға байланысты бірқатар тың жобалар жайында әңгіме етті. Қазығұрт тауы басында салынатын ғимарат алып кеме бейнесінде болады және оның бірнеше қабаты болмақ. Бұл жоспар алдағы уақытта іске асып жатса, оның ішінде келушілерге қажетті барлық жағдай жасалмақ. Қазір «Кеме қалған» маңында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан салынатын нысан маңайын көріктендіру мен көркейту шаралары қолға алынған.

null

Айта кетейік, бұл мекенге күн сайын келіп - кетушілер саны артпаса, азайған емес. Ал, таудың басына кеме бейнесіндегі ғажайып құрылыс еңсе тіктесе, қасиетті таудың маңызы артып, туризмге де кең тыныс ашылары анық.

Соңғы жаңалықтар