ОҚО-дағы «ең биік» банкоматқа баспалдақ орнатылатын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде «ең биік» деп аталған банкомат маңында 10 күннен кейін жаңа баспалдақ пайда болады.

Құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлады «АТФ Банк» АҚ баспасөз қызметі. Жұмысты 10 күн ішінде бітіру жоспарланған.

Банк қызметкерлері клиенттерінен кешірім сұрады. Осы мәселеге байланысты Сайрам ауылында «Қазақстан» кешенінің басшылығы жаңа баспалдақ салу шешімін қабылдады.

Еске сала кетейік, ерекше банкомат жайлы қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы естіп білді. Солардың бірінде жергілікті тұрғындар суретті жариялап, астына «әлемдегі ең биік банкомат» деп жазған.  Өйткені оған қол жеткізу мүмкін емес еді.

Соңғы жаңалықтар