ОҚО-дағы аптап ыстық тұрғындардың денсаулығына да әсер етуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын аптап ыстық алқындырып барады. Шіліңгір шілденің мұндай күн райы жұртты әбігерге салуда. Әсіресе күннің астында көп жүріп, жұмыс істейтіндерге ауыр соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Өңірде күннің қатты ысуынан жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскендердің де саны артып отыр. Ауа райы әсіресе қан қысымының ауытқуы бар адамдар үшін өте қауіпті болып тұр. Ал, өңірдің синоптиктері бұл күндері оңтүстік батыстан келетін құрғақ, жылы ағымдардың әсерінен Шымкентте күн қызуы 45 градусқа дейін жеткенін айтады, әрі мұндай темперутаруа шілденің 29-на дейін жалғасады деген болжам бар.

«Жылы ағымдардың әсерінен 29 шілдеге дейін күн қызуы Оңтүстік Қазақстан облысында түнгі уақытта 23-28, ал күндіз 37-42, кей жерлерде 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Әрі бұл аптада ауа райы жауын-шашынсыз, құрғақ болады», - дейді «Қазгидромет» РМК ОҚО бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Жанат Жәрменова.

Мамандар денсаулығы нашар жандарға алыс сапарларға шықпай-ақ қойғаны абзал деп отыр. Тосын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Қазгидромет» мамандары мен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері де бірлесе жұмыс істеуде. Облыс тұрғындарының жеке ұялы нөмірлеріне ескертпе хабарламалар жіберу жұмыстары жалғасуда.

null 

Соңғы жаңалықтар