ОҚО-да зорлады деп жалған айып таққан бойжеткен сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Сарыағаш ауданының тұрғыны «Өзбекстан азаматтары зорлады» деген желеумен тәртіп сақшыларын шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарағаш ауданы прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымовтың сөзінше, Абай ауылының тұрғыны әпкесінің айтуымен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматымен бірге ішімдік ішеді. Бойжеткен кейін өзінің үстіндегі көйлегін жыртып тастап, Сарыағаш аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлерін шақыртқан.

Оқиға орнынан келген тәртіп сақшыларына ол «құрылысшылардың екеуі де ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, мені еркімнен тыс зорлады» деп  арызданған. Ауданның полицейлері осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2- бөлігі «Зорлау» бойынша іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Дегенмен, мастығы тарқаған соң бойжеткен полиция қызметкерлеріне өзі жалған арыз жазғаны және жалған жауап бергенін айтып беріп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген.

Сөйтіп  көрінеу жалған сөз жеткізген азаматшаның үстінен  Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» және 420-баптың 2 бөлігімен «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма» бойынша қылмыстық іс қозғалып, толығымен дәлелін тапты. Сарыағаш аудандық сотының үкімімен бойжеткен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар