ОҚО-да жыл басынан бері 13 бала суға ағып опат болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 19 адам суға батып, ажал құшты. Өкінішке орай оның 13-і кәмелет жасына толмаған балалар болып отыр. Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі осыған орай дабыл қағып, ата-аналарды сақтық шараларын қолға алуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Мәселен, өткен аптаның ішінде өңірде төрт адам суға ағып опат болған. Ордабасы ауданында 3 жасар бүлдіршін арықтағы суға батып кетіп, оның өлі денесін сол маңдағы адамдар алып шыққан. Ал, Мақтарал ауданында 13 жастағы жасөспірім «Достық» каналының  рұқсат етілмеген жеріне шомылыпты. Куәгерлердің сөзінше, баланы ағын су тартып кетіп, опат болды.  Сол сияқты Отырар ауданында мал бағуға шыққан 8 жасар бала байқаусызда Арыс өзеніне түсіп кетеді. Оның мәйіті тек кешкі алтылар шамасында судан шығарылды.

Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданында 38 жастағы тұрғын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздеуге жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің 5 қызметкері мен 1 техника, тәртіп сақшысы және ауылдың 20 тұрғыны жұмылдырылған. Оның денесі сол маңдағы каналдардың бірінен екі күннен кейін табылды.

Соңғы жаңалықтар