ОҚО-да жүйелі түрде пара алған шенеуніктерге қатысты сот басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топ құрып, жүйелі түрде пара алған шенеуніктерге қатысты атышулы сот отырысы басталды. 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топ құрып, жүйелі түрде пара алған шенеуніктерге қатысты атышулы сот отырысы басталды. Абай аудандық сотында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары  Сәтжан Полатов пен тағы төрт шенеунікке айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта Полатовтан басқа төрт шенеуніктің, яғни Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры мен аудандық бөлімдердің басшыларының қылмыстары айтылды.

Оларға Қылмыстық кодекстің 366 бабы 3 бөлігі «Пара алу» (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу арқылы параны ірі мөлшерде алу, бірнеше рет жасалса)  бойынша айып тағылды. Белгілі болғандай, қылмыстық топтың құрамында бесеуден бөлек тағы екі шенеунік бар болып шықты. Олардың бірі Ордабасы аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Өтегенов болған. Алайда ол қылмыстық топ мүшелерін ұстауға көмектескені үшін қылмыстық ісі бөлек қаралып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір айыпталушының ісі енді сотқа өткізілген.

Сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы Алмасбек Меңлібековтің сөзінше, топ мүшелері халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына бөлінген қаражаттарды беру кезінде,  әр түрлі пайызда пара алып отырған. Сәтжанов басқарған топ «Лидер - ПРО» оқу орталығынан кесілімшартты жүзеге асыру үшін ақша талап еткен. Қысқа мерзімде мамандар даярлайтын орталық мемлекет қаржысына қол жеткізуі үшін жалпы сомадан 20-30 пайызға дейін пара беруге мәжбүр болған. Кей кездері шенділер тіпті қорқытып алу арқылы ақша алып келіпті. Осылайша 6 млн теңгеге дейін пара алғаны дәлелденген. Себебі, шенеуніктердің қызметтік бөлмелері мен ұялы телефондары өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен  ұзақ уақыттан бері тыңдалған екен.  Сот кезінде Сәтжан Полатов пен айыпталушы Ордабаев өз кінәларын толық мойындады. Өзгелері қылмыс жасамадық деп бас тартты.

Егер шенеуніктерді сот тағылған айыппен кінәлі деп тапса, онда бұл баппен олардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру қарастырылған. Сондай-ақ  параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады. 

null 

Соңғы жаңалықтар