ОҚО-да жұмыспен қамтуға қатысты қылмыс бойынша тағы 17 адамның ісі сотқа түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Жұмыспен қамту басқармасында жасалған қылмысқа қатысты бар деген тағы 17 адамның ісі сотқа түсті. Бұл туралы облыстық сотта өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Бүркіт Байдуллаевтың сөзінше, 17 айыпталушының ісі осы аптаның ішінде облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. 
null 

«Жүнісалиева Бердалиев деген жеке кәсіпкердің есепшісі болған. Яғни Жұмыспен қамту орталығына өтетін құжаттардың барлығы осы жеке кәсіпкердің есепшісі арқылы өтіп отырған. Сол жерден мониторлар сияқты айғақты заттар тәркіленген. Олардың ішінен жұмыспен қамту орталығына байланысты келісімшарттар, жеке адамдардың куәліктерінің көшірмелері табылған. Барлық қылмыстарды дәлелдейтін құжаттарды тергеуші алған»,- дейді Бүркіт Байдуллаев.
null 

Судьяның айтуынша, айыпталушы деп танылған азаматтардың арасында жұмыспен қамту саласы мамандарымен қатар жекелеген азаматтар да бар. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр.

«Ұсталғандарға «бөтеннің мүлкін қылмыстық топ құрып аса ірі көлемде жымқыру, ұйымдасқан топты басқарған және сол топты ұйымдастыру барысында әр қылмысқа қатысушылардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру қызметін жүргізген, қылмыстық жолмен тапқан ақшаны және мүлікті мөлшерде заңдастырған, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ресми құжаттарды бірнеше рет қайта жасаған» деген айып тағылды»,- дейді облыстық соттың судьясы.

Еске салайық, қазіргі таңда Абай аудандық сотында қылмыстық топ құрып, жүйелі түрде пара алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов пен осы басқарманың аудандық бөлімнің басшысы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорына қатысты сот отырысы өтуде. Оларға Қылмыстық кодекстің 366 бабы 3 бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып отыр.

Ал, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығының экс-директоры Асылжан Жамалбековке халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оған 400 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқырды деген күдік келтіріліп отыр.

«Шенеунік мемлекеттік қызметті атқаруға теңестірілген лауазымды тұлға бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топты өзіне бағынышты қызметкерлердің арасынан құрған. Топтың басқарушысы ретінде 2015 -2017 жылдар аралығында күдікті И.Жүнісалиева мен адамдар тобы болып алдын-ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкіне құқықты иемденіп, бағдарлама аясында бөлінген қаражаттардың ысырап етілуіне ықпал жасаған. Ол үшін өзіне материалдық сыйақы алып, мемлекет бюджетіне жалпы көлемі 437 384 604 теңге залал келтірген», - делінген Асылжан Жамалбековке қатысты сот қаулысында.
null 

Әзірге шенеунік табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар