ОҚО-да жол ережесін бұзғандардан 870 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Процессингілік  орталық 100 мыңдай жол жүру ережесін бұзу жағдайларын тіркеген.  

Шым шаһарда бүгінде 40 шақты бақылау камералары орнатылып, жол ережесін бұзу оқиғалары негізінен осы құрылғыларға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null 

Облыстық ішкі істер депатраменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Редспид» жылдамдық өлшеуіш құралы мен  «Интегра»  зияткерлік көше қиылысы және жол қозғалысын бақылайтын  «Крис П» құрылғылары да тәулік бойы жол ережесін бұзушыларды тіркеген. Мәселен, ағымдағы  жылдың 11 айында ережеге бағынбағандарға  77 мың ұйғарым шығарылып, поштамен жүргізушілерге жолданған. Бүгінгі күнде 870 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл облыстық бюджетке өндірілген. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, Процессингілік орталық төтенше жағдайларға ұшырататын және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын жол ережелерін бұзу жайттарын анықтауға бақылау жасайды. Автоматтық режімде жол  қозғалысын басқару  ережесін бұзған автокөлікті тоқтатпай-ақ тіркеу жолға қойылған. Бұл өз кезегінде полицейлермен және жол қозғалысына қатысушылармен қарым-қатынасты сиретіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей отыр.  

Соңғы жаңалықтар