ОҚО-да жол апатынан 4 адам мерт болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 4 адамның өмірін қиған жол апаты болды. Шымкент-Арыс-Шардара жолында «Хюндай-Старекс» пен «Газ-53» автокөліктері соқтығысып, аударылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апатына «Хюндай-Старекс» көлігінің жүргізушісі себепкер болған. Ол жолда келе жатып рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан аударылған көліктегі 23 жастағы жігіт пен 19 жастағы бойжеткен бақилық болды. Қоғамдық көліктің 22 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы, 22 жастағы жігіт пен 47 жастағы әйел Арыс аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер екі жігіттің де өмірін сақтап қала алмады. Екеуі де аурухана төсегінде жан тәсілім етті. Ал, ауыр жарақат алған әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі таңда жол көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 4 бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша іс қозғалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар