ОҚО-да жоғалып кеткен ауыл тұрғынын тәулік бойы іздеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ Баба ауылының тұрғындары аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірге жоғалып кеткен жігітті іздеді, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

21 жастағы жігіт жоғалып кеткен үш жылқысын іздеуге шыққан. Кейін үйіне хабарласып, бағдарын жоғалтқанын, адасып кеткенін хабарлаған. Сондай-ақ, ол ескі қой қораға қарай бара жатқанын, телефон қуаты бітуге таяу қалғанын айтқанын.

Көмекке жігіттің әкесі мен бауыры шыққан. Іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеген соң, олар үйге қайтып келген. 24 желтоқсан күндері алты адамнан құралған жедел-құтқару жасағының жеке құрамы және бір техника (Трэкол) жоғалған жігітті іздеуге аттанды.

Жергілікті тұрғындар мен аудандық ІІБ қызметкерлері жоғалған ауыл тұрғынын тапты. Оның айтуынша, жігіт тоңып қалмау үшін үнемі қозғалыста болған және медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

Соңғы жаңалықтар