ОҚО-да жазасын өтеуші 45 тонна қияр мен орамжапырақ өндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ИЧ-167/10 мекемесінде сотталып, жазасын өтеуші (Шымкент қ. Қоныс колониясы) алғашқы 45 ауылшаруашлығы өнімін жинады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облымы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен хабарлады.

«Төрт жылға сотталушы 43 жастағы Бақытжан мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны үшін жазаға тартылған, ол жеке-кәсіптік қызметпен айналысуға кірісті. Ол бизнес жоба әзірлеп, оған жергілікті әкімшілік қана емес облыстық кәсіпкерлік басқармасы да қолдау білдірген. Қазргі уақытта оның жетекшілігімен әрқайсысының аумағы бір гектардан екі жылыжай жұмыс істейді. Олардың бірінде қияр екіншісінде орамжапырақ өсіріледі», - деп хабарлады ОҚО ҚАЖ департаментінің өкілі Тұрсынай Рахмет.

«Сонымен қатар, Бақытжан тігін цехын ашты. Айта кетерлігі оның шаруашылығында 10 сотталушы жұмыспен қамтылған», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар