ОҚО-да жас азамат өзін ұрлады деген жалған қылмыс ұйымдастырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзін біреулер ұрлап кетті деп алдап, қомақты ақшаны ұрламақ болған. Алайда 22 жастағы жігіттің арам ойы іске аспай қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай,  Сайрам аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, 1995 жылы туған туысы із-түзсіз жоғалып кеткенін көрсеткен. Оный айтуынша, жас жігіт  күндіз Шымкент қаласына сауда жасауға шығып кетіп, қайта оралмапты.  Жоғалған азаматты іздеу мақсатында полицейлер барлық ішкі істер құрылымдарына бағдар беріп, іздеуге кіріседі. Дәл сол күні тәртіп сақшылары Шымкент-Шаян тас жолының бойынан жоғалған азаматқа тиесілі автокөлікті табады. Көліктің алдыңғы терезесінде соққы іздері мен ішінде ұялы телефоны қалыпты. Сол күні-ақ осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 125-ші «Адам ұрлау» бабымен іс қозғап, тергеу шараларын жүргізген. Жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында  із-түссіз жоғалған 22 жастағы жігіт Қызылорда қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Ол жауап беру кезінде  саудадан түскен ақшаны алып, өзін ұрлады деген жалған хабар берген. Сөйтіп, көрші қалаға кетіпті. Сол жақта ақшаны өзінің қажеттілігіне жұмсамақ болғанйн айтқан. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қанша соманы ұрлағанын, не мақсатқа жұмсамақ болғанын анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар