ОҚО-да жан түршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол апаты болып, 5 адам қаза тапты. Тағы бес жолаушы ауыр халде ауруханаға түскен,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Келеңсіз оқиға түнгі төрттер шамасында Шымкент-Самара тас жолының Ордабасы ауданы маңында болған. Жүйткіп келе жатқан  «Лада» және  «Мерседес-220» көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 22 және 27 жастағы екі жүргізуші оқиға орнында жан тәсілім еткен. Олар Бәйдібек және Ордабасы аудандарының тұрғындары екені белгілі болды. Сондай-ақ «Лада» көлігінің 27 және 28 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында, тағы 45 жастағы жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған.

Ал, «Мерседес» көлігінің 1995, 1997 және 1998 жылы туған 5 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алып, Ордабасы аудандық ауруханасына түсті.

Қайғылы оқиға бойынша қазір өңірдің тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 345-ші «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабымен іс қозғалып, анықтау шараларын жүргізуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. 

Соңғы жаңалықтар