ОҚО-да жалдамалы малшы бағып жүрген малдарын сатып жіберген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жалдамалы малшы бағып жүрген бұқалар мен қойларды сатып жіберген. Одан түскен ақшасын өз қажетіне жаратып жүрген. Қазірдің өзінде келтірілген шығын миллион теңгеден асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Сарыағаш АІІБ полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1986 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден жауап алу барысында ол жәбірленушінің 3 бұқасын және 15 қойын сатып жібергенін мойындаған. Қазір осы жайт бойынша Сарыағаш АІІБ қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» әрекеті бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
null null 

Соңғы жаңалықтар