ОҚО-да заңсыз балық аулағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз балық аулауға қатысты 80-нен астам заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 4 сәуірден бастап «Уылдырық шашу маусымы» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Жергілікті полиция өкілдері мен бейінді қызметкерлер тарапынан құрылған мобильді топ рейд барысында су қоймалары маңын бақылауға алды. Шара барысында 3 экологиялық қылмыс анықталып, одан басқа заңсыз балық аулағандарға қатысты 80-нен астам әкімшілік хаттама толтырылған.

Мәселен, Арыс қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның автокөлігінен шамамен 150 келі заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Сондай-ақ, одан балық аулайтын жабдықтар табылды.

Бұдан бөлек, балық аулау ережесін бұзған 80-нен астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы миллион теңгеге айыппұл салынды. Полиция тұрғындарға рейд шаралары 31 мамырға дейін жалғасатынын ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар