ОҚО-да ыс тиген екі зейнеткер мен 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да ыстан уланған үш жасар бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«13 наурызда сағат 17:15-те Бадам ауылдық округі Қаныбек көшесіндегі тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан 3 адам ыстан уланған: 69 жастағы ер адам, 63 жастағы әйел мен 3 жасар бала. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді», делінген ведомствоның хабарламасында.

2018 жылдың басында ОҚО-да ыстан уланған 8 жағдай тіркеліп, одан 18 адам зардап шеккен, оның 11-і, соның ішінде екі бала, қаза тапқан. 

Соңғы жаңалықтар