ОҚО-да « Worldskills Kazakstan - Жыл шебері 2017» чемпионаты басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  «Worldskills Kazakstan - Жыл шебері 2017" чемпионаты басталды. Мектеп оқушыларын кәсіптік білім алуға шақыратын шара еңбек қоғамын құру мен жұмысшы мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Аймақтық чемпионатқа 35 колледжден 79  студент қатысты. Олар   9 мамандық бойынша өзара сынға түсіп, кәсіптік білім деңгейлерін көрсетті.  Елімізде сұранысқа ие  құрылысшы-монтаждаушылар мен дәнекерлеушілер,  дизайнерлер мен аспаздар сияқты маман иелері тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін байқатты. Шәкірттер сондай-ақ шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи технологияларды іс жүзінде қолдана алуы бойынша сыналды. Сала мамандары жастарды кәсіптік білімге баулу арқылы болашақта тәжірибелі мамандар даярлауға болатынын айтады. 
null 

«Негізгі мақсат - жұмысшы мамандықтарының иммиджін көтеру. Балаларымызды осы жұмысшы мамандыққа алып келу. Себебі, қазіргі еңбек нарығында ең талап етілетіні ол  кәсіптік техникалық білімі бар жұмысшы мамандықтары. Балалардың да күннен күнге қызығушылығы артып келеді».
null 

Үш күнге созылған  байқаудың жеңімпаздары  халықаралық Worldskills чемпионатына қатысуға жолдама алып, әлемнің үздік тәжірибесін үйренуге қол жеткізеді.

Еске салайық, өткен жылғы чемпионат жеңімпаздары өз мамандықтарына сәйкес Түркия Ұлттық білім министрлігіне қарасты алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына тегін білім алуға жолдама алған болатын. 
null 

Соңғы жаңалықтар