ОҚО-да үшкүндік «Қауіпсіз жол» акциясы басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» акциясы басталды.  19-21 ақпан аралығында  полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті назарда ұстап, бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін күндері жол полициясы бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген негізде қызмет атқаратын болады. Жалпы,  «Қауіпсіз жол» акциясы жол қозғалысы ережелерін бұзуға тыйым салу, оның талаптарын елемеген жүргізушілерді әшкерелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ қауіпсіздік белбеуін пайдаланбаған, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен немесе радиостанциялармен сөйлескен көлік иелері де жазаланады. Бұдан бөлек, шара  барысында автокөлікпен жолаушыларды және жүк тасымалдауды жүзеге асыруда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзуды тыю мен әшкерелеуге айрықша назар аударылмақшы.  Жол қозғалысының инспекторлары автобус парктері мен автотұрақтарға, басқа да әртүрлі мекемелерге арнайы барып, жүргізушілер құрамымен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз деп отыр. Мектеп оқушылары арасында және басқа да оқу мекемелерінде де арнайы семинарлар өткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар