ОҚО-да ҰБТ ережесін бұзып, аудиториядан шығарылған оқушылар болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 10 оқушы ұлттық біріңғай тестілеуде 137 балл жинады. Тестілеудің қорытындысы бойынша облыстағы орташа деңгей 76,8 балды құрады. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жалпы, облыс бойынша барлық аудан, қалалардағы 829 мектептен 21323 бітіруші ҰБТ тапсырған. Ал, сынақ тапсыруға ниет білдірген 21668 оқушының 312-сі өз өтінішімен, 29-ы денсаулығына байланысты, 4 оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жеңімпазы) ҰБТ-дан босатылған. Сондай-ақ, тестілеуге кірген 3 оқушы ҰБТ ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу қорытындылары жойылды.

«2017 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша облыста орташа деңгей 76,8 балды құрады. Атап айтсақ, Кентау - 90,6, Шымкент - 86,6, Отырар - 84,6, Қазығұрт - 81, Арыс - 78,9, Түркістан - 76, Түлкібас - 75,9, Төлеби - 75,3, Сайрам - 72,5, Шардара - 72,4, Созақ - 72, Сарыағаш - 71,9, Мақтарал - 71,2, Бәйдібек - 70,2, Ордабасы - 64,3 балды құрады»,- деді Р.Ергашова.

Сынақ тапсырған түлектердің ішінде 100 балдан жоғары жинағандар 4113 болса, 120 балға дейін жинағандар саны 3004 оқушы, ал, 1109 бала 121-140 аралығында балл жинағандар.

Айта кетейік, сынақ кезінде ең жоғары 138 балды Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясының оқушысы Жанабаева Әсел Маратқызы жинаса, 137 балды 10 оқушы, 136 балды 15 оқушы жинаған.

Соңғы жаңалықтар