ОҚО-да TURKSOY ұйымына мүше елдерінің суретшілері бас қосты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ХХ-шы TURKSOY ұйымына мүше елдерінің суретшілер пленэрі бойынша дөңгелек үстел өтті. Басқосуға кәсіби суретшілер мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Көркем академиясының мүшелері және өнер профессорлары шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Украина, Болгария, Молдавия елдерінен   келген өнер қайраткерлері мен талантты қылқалам шеберлері басқосуда кескіндеме саласы бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасу жайын талқылады. Жиында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов пленэрдің мақсатына тоқталып өтті.

«Тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерін, тарихи орындар мен ұлттық өнерді насихаттау көзделіп отыр.  Шара барысында оңтүстік өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен  көз тартарлық орындарын бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасалмақ. Бейнелеу өнерінде жаңа көркем бағыттар және пластикалық шешімдер мен формаларды іздеу назарда болады»,- деді Нұрболат Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар