ОҚО-да трансформаторларды ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында трансформаторларды ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды. 7 адамнан тұратын топ мүшелерінің бүгінде 6 ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД бапасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық топты ұстауға Бәйдібек ауданындағы жеке фирма қызметкерлерінің арызы негіз болған.

Олардың сөзінше, жергілікті фирмадағы құны 1 млн теңге тұратын трансформаторларды белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Артынша Бәйдібек аудандық ІІБ-на осы тектес арыздар тағы бірнеше жергілікті тұрғыннан түскен. Полиция тарапынан жедел іздестіру барысында осы қылмыстарға қатысы бар деген 7 күдікті ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде ұрланған трансформаторлардың бөлшегі мен өзге де электр жарығына пайдаланатын құрылғылар табылды.

Тергеу барысында сезіктілердің осыған ұқсас тағы 5 қылмыстық іске қатысы бар екені анықталып отыр. Қазіргі таңда барлық топ мүшелері қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар