ОҚО-да тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт салынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында түйе сүтін өңдейтін жаңа зауыт салынбақ. Бұл жоба осы жылдың 28-29 сәуірінде өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шетелдік «Golden Camel Group LTD» компаниясы өңірде инвестиция құны 8 млрд. 30 млн. теңгеден астам қаржы болатын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен қышқыл сүт өнімін өндіретін кәсіпорын салмақ. Тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қауқарлы өндірістің құрылысы қараша айында басталатын болады.

Түркістан қаласында бой көтеретін бұл зауыт іске қосылғанда 180 адам жұмыс орнымен қамтылады. Жаңа заводтың өнімі Қазақстанның басқа өңірлерінің нарықтары мен Қытай мемлекеті және Кеден одағы елдеріне экспорттау көзделуде.

Айта кетейік, халықаралық инвестициялық форумы аясында ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Бүгінде аталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл өз кезінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретіні анық.

Соңғы жаңалықтар