ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын судың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі аудан, қала әкімдіктері мен Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесе Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Сырдарияда қауіптің бар-жоқтығы туралы зерттеу жұмыстарын атқарды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Ал, Шардара ауданына қарасты Сүткент елді мекенінің 800 метр жеріне және өзен арнасына құммен қапталған 7000-ға жуық қап қойылып, оған 20 техника мен 210 адам жұмылдырылды.
null

Бүгінде жаға бекіту ісі Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында да қарқын алған. Мәселен, аталған аудан, қалалардағы тиісті мекендерге құммен толтырылған 300 мың дана қапшық қойылып, 467 адам, 60 арнайы техника және 10 жүзу құралдары дайындыққа келтірілді.
null

Бұл жергілікті атқарушы органдарымен Сырдария өзенінің арнасына Өзбекстан Республикасынан секундына жалпы көлемі 1500-ден 2000 текше метр/сек дейін су тасталғанда болуы мүмкін су тасқыны жағдайына есептелген. Айта кету керек, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК орталығынан күнделікті мәліметтер алып, облыс аумағындағы көктемгі су тасқыны жағдайына мониторинг, болжау жұмыстарын тоқтаусыз атқарып келеді.

null

Соңғы жаңалықтар