ОҚО-да тас жолда болған көлік апаты 5 адамның өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да тас жолда Ауди мен Мерседес маркалы көліктердің соқтығысуынан болған көлік апатынан 5 адам мерт болды. Қайғылы хабарды Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдірайымов әлеуметтік желіде хабарлады .

«Құрметті жүргізушілер!!! Сапарға шыққанда сабырлы, салмақты және абай болыңыздаршы!!! Бүгін тағы қаралы xабар жетті. Шаян-Шымкент тас жолының бойындағы жол көлік оқиғасынан 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 2-еуі кәмелетке толмаған... Ағайын, көлікте жалғыз болсаң мейлі, бала-шағаны толтырып алып, заңды сақтамау, жолаушыға жасалған қастандық емес пе, олардың не кінәсі бар», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Прокурор, сондай-ақ, ата-аналарды жолда абай болуға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар