ОҚО-да сынақ ретінде гибридтік жүгері сорты егіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгері  өсіру» атты семинар-кеңес өтті. Шараға  аудан әкімдіктері мен 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинар барысында фермерлерге ресейлік «Кубань» агрохолдингі мен қазақстандық «Агроимпекс» ЖШС-нің мамандары «Ладожский» гибридтік жүгері сортының артықшылықтары туралы ақыл-кеңестерін берді.  Сондай-ақ олар «Ладожский» гибридтік жүгері сортын эксперимент ретінде екі ауданда 3 гектар алқапқа егіп көру мәселесін көтерді.

Мамандардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының климаты бұл жүгері сортын егуге өте қолайлы. Ең бастысы, аталған астық жүгеріні мал және құс шаруашылығына құрама жем ретінде пайдалуға болады. Қажетті технологияларды толық сақтаған жағдайда бұл жүгері сортының бір гектарынан 10-12 тонна өнім алуға мүмкіндік бар.  Мәселен наурыз айында егілген дақыл түрі жаздың соңына қарай өнім бере бастайды.  Яғни шамамен 98 күнде пісіп жетіледі. Жүгері сортының ең басты құндылығы - құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді. «Ладожский» гибридтік жүгері сорттын шаруалар «Агроимпекс» ЖШС-нің қоймаларынан сатып алуына болады.


 

Соңғы жаңалықтар