ОҚО-да ShymkentBuild-2018 халықаралық көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында «ShymkentBuild-2018» атты құрылыс және интерьер көрмесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Үш күнге жоспарланған шараның мақсаты - құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін көрсету. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, ғылым мен бизнестің арасында байланыс орнату болып табылады.

Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 30-ға жуық кәсіпорнының құрылыс,  әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдықтары қойылды.  

Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.
null

Өңір басшысы жуырда ғана Елбасымыз  бес  әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған  орай  ағымдағы жылы  Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді.  Бұл  ретте бүгінгі ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі  өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетіндігін айтты.
null

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында  алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында    «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылуда.
null

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.

 nullnull

 

 

Соңғы жаңалықтар