ОҚО-да шомылу маусымы басталмай жатып 7 адам суға кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 7 адам суға кетті. Бұл туралы өңірдің ТЖД қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Департамент маманы Павел Вишениннің сөзіне қарағанда, суға кеткен 7 адамның 5-еуі бала.

«Судан құтқару қызметінің өкілдері 9-рет шақырту бойынша шығып, 4 адамның мәйітін алып шықты. Олардың екеуі кәмелет жасына толмағандар.  Ал өткен жылы осы мерзімде 6 адамның ажалы судан болған. Оның ішінде 3-еуі бала,- дейді судан құтқару жасағының маманы.

Қайғылы жағдайлардың орын алуына азаматтардың балық аулау кезінде не болмаса басқа да жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтамауы, ересектердің балаларын назардан тыс қалдыруы себеп болып жатады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін өңірде түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастаған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қалалар мен шағын елді мекендерді аралап, арнайы парақшалар таратуда. Сондай-ақ, мектептерде оқушылармен кездесіп, суға шомылғанда қажет болатын қауіпсіздік шараларын үйретуде. 

null

Соңғы жаңалықтар