ОҚО-да шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс өркендеп келеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс өркендеп келеді. Өңірдің туристік тартымдылығы көбейіп, келушілер саны жыл сайын өсіп отыр.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев   «Ontustik tourism. Invest - 2017» халықаралық туристік инвестициялық форумында мәлім етті, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жансейіт Қансейітұлының айтуынша, аймақта 1200-ден астам тарихи-археологиялық, мәдени-архитектуралық ескерткіштер, Ұлы Жібек жолы аумағындағы ең танымал және тарихи құндылығы жоғары, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан.  Ал Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес, өңірде туризм саласын дамыту  жаңа көзқарас пен жаңа бастамаларды талап етеді. Осы бағытта оңтүстікте туризм саласының қарқынды дамуы байқалады. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда туристік нысандар саны 31%-ға өсіп, 195-ті құрап отыр. Оларда көрсетілген қызметтер көлемі 43%-ға көбейіп, 1,7 млрд теңгеге жетті. Ағымдағы жылы облысқа 128 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55%-ға артық деген сөз. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыста 1, 2 және 3 күндік туристік бағдарлар әзірленген. Аталған маршрутқа 84 тарихи-мәдени нысандар мен табиғи орындар енгізілген.

null 

«Ендігі жерде облыста маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Шымкенттің ескі қалашығы аумағында ашық аспан астындағы мұражайды ашу жоспарланып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың сауықтыру орындарында 16 мыңнан астам оқушы мен студенттерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген Оқсыз қонысын және Абылай ханның Ордасы орналасқан Ханқорғанды қалпына келтіру туристер ағынын ұлғайтады деп күтілуде. Қазығұрт және Ордабасы аудандарын әлемдік стандартқа сәйкес сервисі мен туристік инфрақұрылымы бар брендке айналдыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде»,- дейді Жансейіт Түймебаев.

null 

Облыста сондай-ақ Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келетін отандық және шетелдік туристердің ағымын ескере отырып, оның тарихын және аймағын әлемдік мұражайлар үлгісінде аудио-видео визуализациялау жасалуда. Орта ғасырда Отырар көне қалашығы мен  Арыстанбаб кесенесін байланыстырған жолды қалпына келтіре отырып, сол жол бойында ұлттық қолөнер шеберханаларын орналастыру жоспарланып отыр.  Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі жаңғыртылып, жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілген. «Бір терезе» қағидасы бойынша туристерге қызметтердің толық спектрін ұсынатын арнайы «ONTUSTIK TOURISM CENTER» туристік ақпараттық орталығы жұмыс істейді. 

null 

«Облыстағы зиярат орындарына келушілер саны жыл сайын артып келеді. Бір ғана Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне өткен жылы 1 млн  адам келген. Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында облыста «Сарыағаш», «Қасқасу» Тау шаңғы кешені», «Шардара Жағажай-демалыс аймағы» және «Көне Түркістан» секілді зәкірлі жобалар құрылды. Ал, бүгінгі ұйымдастырылып отырған Форум өңірдің және көршілес жатқан облыстар мен мемлекеттердің туризм саласының дамуына және инвестиция тартуға септігін тигізеді деп сенемін»,-деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

null 

Соңғы жаңалықтар