ОҚО-да сексеннен асқан әжей баласын пышақтап өлтірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында сексеннен асқан әжей өз баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайрам аудандық сотының мәліметінше, қазір 85 жастағы зейнеткердің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде ұсталған әжейдің егде жасын ескерген сот оны үйқамаққа алу туралы санкция берген.

Айта кетсек, қылмыстық оқиға  15 наурыз күні Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында болған. Араққа тойған 55 жастағы ұлы анасына қол көтерген. Осы кезде перзентінен қорғанған зейнеткер оған пышақ сұғып алған.

Кейіннен белгілі болғандай, марқұм болған ұлы біраз жылдан бері маскүнем ретінде наркологиялық диспансер мен ішкі істер органдарында есепке алынған екен. 

Соңғы жаңалықтар