ОҚО-да республикалық қызғалдақ фестивалі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» атты Республикалық қызғалдақ фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальге ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, мәслихат депутаттары, облыс ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және туризм саласындағы кәсіпкерлер мен туристтік компаниялар, шетелдік қонақтар, қылқалам шеберлері және фотосуретшілер, ақындар және жастар қатысуда.

nullЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында өткізіліп отыр.

nullФестивальдің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі ең әдемі қызғалдақтардың Ақсу-Жабағылыда және Шұбайқызыл аталатын теңдесі жоқ төбеде өсетінін атап өтті.

null«Шұбайқызыл шоқысы еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Қызғалдақ гүлі қазақ халқының түсінігінде - көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі. Осындай әсем табиғатты аялап, туған жерді қадірлеу баршамыздың міндетіміз. Сондықтан да биылдан бастап әр аймақта қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар өткізу және оларды дәстүрге айналдыру көзделіп отыр», - деді әкім.

«Текті төрім - Түлкібасым» театрландырылған хореографиялық қойылыммен бастау алған іс-шарада «Шұрайлым - Шұбайқызылым» жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздары марапатталып, көрермендерге арналған концерттік бағдарламамен ұласты.

nullШара барысында жастарға «Шұбайқызыл шоқысының» тарихы жайлы мағлұмат беріліп, жас ақындардың өлеңдері оқылып, табиғат тақырыбында көрме мен жас суретшілердің сурет байқауы өткізілді. Аталған іс-шараға 5000 адам қатысты.

nullСонымен бірге келушілер қылқалам және фотосуретшілердің көрмесі мен мемлекеттік табиғи парктер шеруін тамашалады.

      null 

Соңғы жаңалықтар