ОҚО-да пышақталған екі адам аруханаға түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында пышақталған екі адам аруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

38 жастағы әйел мен 43 жастағы ер адамның дене жарақатын алғаны  туралы хабар  Шардара аудандық ІІБ-ның кезекші бөліміне түскен.

«Тергеу барысында анықталғаны, екі еркек пен бір әйел азаматша ішкілік ішіп отырған. Сол кезде араларында жанжал туындап, күдікті  38 жастағы әйелдің сол жақ көкірек тұсына пышақ тығып алады. Жандарында болған  43 жастағы азамат араларына түсіп, екеуін ажыратпақшы болғанда сезікті оның да оң жақ көкірек тұсын пышақтаған. Жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде 35 жастағы тұрғынды  ұстады. Күдікті қамауға алынды», - делінген облыстық ІІД-ның хабарламасында. 

Қазіргі аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар