ОҚО-да Өзбекстан азаматының мәйіті табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы «Самал» шағын ауданында белгісіз адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оның Өзбекстан елінің азаматы екенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салатанат Қарагөзованың айтуынша, бұл дерекке байланысты тергеу шаралары жүргізілуде.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазір осы қылмысты жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді» , - деді Салтанат Қарагөзова. 

Соңғы жаңалықтар