ОҚО-да өткен жылы 19 жұмысшы жазатайым оқиғадан қаза тапты

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 19 жұмысшы түрлі жазатайым жағдайларда қаза тапты. Тағы 108 адам жұмыс орнында зардап шеккен. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстың еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Облыстың бас еңбек инспекторының сөзінше, бір жыл көлемінде өңірдегі өндірістік орындарда   117 жазатайым оқиға орын алған. Оларды тексеру барысында қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу мен жұмыстарды қанағаттанғысыз дәрежеде ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібінің бұзылуы себеп болыпты. Сондай-ақ  жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қадағалаудың болмауы мен ақаулы машиналарды пайдалану, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың өткізілмеу мен зардап шегушінің өрескел абайсыздығы болғаны анықталған.

Бұдан бөлек еңбек инспекторы облыстағы 17 кәсіпорындар мен мекемелердегі 2174 жұмыскер жалақы ала алмағанын айтады. Яғни, жұмыс берушілердің қарызы 292,7 млн теңгеге жеткен. Бұл күнде оның 155,3 млн теңгесі ғана төленіпті. 1100 жұмыскер әлі күнге  137,4 млн  теңге көлеміндегі жалақысына қол жеткізе алмай келеді. 

Жалақыны уақтылы төлемеу түріндегі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін аталған заңбұзушылық орын алған кәсіпорындар мен мекемелерге 5,3 млн теңге көлемінде 17 әкімшілік айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар