ОҚО-да өрттің орын алу жағдайлары азайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өрттің орын алу жағдайлары азайған. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Нұрғали Жүнісов мәлім етті.

Жазғы өрт қаупі кезеңінде өңірдегі орман, дала және егіс алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткен жиында орман өртінің айтарлықтай азайғанын жеткізген спикер дала өртінің саны 25 пайызға, шығын 71 пайызға азайғанын айтты. Сонымен бірге, орман өртінің саны 75 пайызға, шығыны 100 пайызға кеміген. Дала алқаптарының өртке орану жағдайлары 33 пайызға кеміген. 

«Өрт оқиғаларының айтарлықтай азаюына өртке қарсы минералды жолақтың ені 4 метрдің орнына 7 метр етіп өзгеруінің нәтижесінде қол жеткізілді. Мамыр және шілде айларында 2 кезеңмен жүргізілген жұмыстардан бөлек, орман шаруашылығының базасында шартты дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларының өткізіліп отыруы да жұмыстың оңды нәтиже беруіне себеп болуда», - деді Н.Жүнісов. 

количество пожаров  

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында аталған департаменттің бөлім басшысы Нұржан Әсібеков суда болған жазатайым жағдайларға шолу жасады. Айтуынша, биылғы жаз маусымында суға кету жағдайлары көбейген. Мәселен, осы маусымда мас күйінде суға шомылудың салдарынан 2 адам суға батса, ересек адамдардың қарауынсыз қалған 41 бала тілсіз жаудың қармағына тұтылды. Сонымен бірге, суға шомылу маусымы кезеңінде судағы қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын бұзу, атап айтқанда өз күшін асыра бағалау себебінен 15 адам қаза тапқан. Дегенмен, дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 18 адам, оның ішінде, 3 жасөспірім бала құтқарылған. Сондай-ақ, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында департамент мамандары 176 баланы жүзуге үйреткен. 

Өңірдегі ауа райының әлі де жылы екендігін алға тартқан төтеншеліктер оңтүстікқазақстандықтарды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға шақырды. Келесі шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құтқару бекеттерінің санын арттыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп еңбек етуді жоспарлап отырғанын жеткізген Н.Әсібеков ерікті құтқарушыларды жедел-құтқару жасақтарында оқытып, оларды да жұмылдыруды көздеп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар